Қордайда референдум: №239 учаскеде алғашқы болып прокуратура қызметкерлері дауыс берді

0

Қордай аудандық мәдениет үйінде орналасқан №239 референдум учаскесі таңертеңнен бастап өз жұмысын бастады. Учаске Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, алғашқы дауыс берушілер келіп, өз таңдауларын жасай бастады.
Референдум учаскесінде азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, дауыс беру үдерісінің заң талаптарына сай әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.
Алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар ұсынылып, олардың белсенділігіне құрмет көрсетілді.
Ал, алғашқылар қатарында аудандық прокуратура қызметкерлері де болды. Құқық қорғау органы өкілдері өз таңдауын жасап,
бұл ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси маңызды шараларға белсенді қатысуға шақыратын игі дәстүрдің бір көрінісі екенін дәлелдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.