Қордай ауылының көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жыл басталғалы ауылдық округ аумағындағы істен шыққан жарық шамдары ауыстырылып, ауылішілік жарықтандыру мәселесі біртіндеп шешімін табуда.
Жақында «Самал» ықшам ауданы мен Көктөбе көшесіндегі ескі жарық шамдары толығымен жаңартылып, заманауи қуатты шамдармен алмастырылды.
Сонымен қатар, Цемзауыт ықшам ауданында көшедегі жарық шамдарының 80%-ы жаңартылып, тұрғындардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түсті.
Жаңадан орнатылған LED-шамдардың қуаттылығы – 150 Вт. Бұл шамдар бұрынғы жарық көздеріне қарағанда анағұрлым тиімді, электр қуатын үнемдейді және жарықтандыру ауқымы кеңірек.
Аудан бойынша көше жарығын жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.