ҚОРДАЙДЫҢ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН СПОРТШЫЛАР

0

Ауданымызда «Еркін күрес» спорты соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді. Бұл спорт түріне қатысушылар-дың да саны едәуір артқан. Ересектерді айтпағанда, жас жеткіншектеріміздің де жетістіктері қуантарлық деңгейде.

Маңызды жиынды ескере отырып, газет тілшілері Бетқайнар ауылындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КММ-де ұйымдастырылған, республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген бір топ жас спортшыларға «спорт шеберлігіне үміткер» атағын айқындайтын арнайы куәлік тапсыру рәсіміне қатысып қайтқан болатынбыз. Шараға №5 балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының міндетін атқарушы С.Солтанай, жаттықтырушылар және жас спортшылар қатысты.

«Құрметті спортшылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекетіміздің стратегиялық бағыттағы саясатының бірі – дені сау ұлт тәрбиелеу екендігін баса айтып, бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін атап көрсетті. Сіздер үшін өткен 2024 жыл жетістікке толы жыл болды. Олай дейтініміз, спортқа салған еңбектеріңіз бағаланып, спорт шеберлігіне үміткер атағын алғалы отырсыздар! Баршаңызға алдағы уақытта аудан мерейін өсіріп, даңқын асқақтататындарыңызға күмәнсіз сенемін. Бізге үнемі қолдау көрсетіп отыратын аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбековке шынайы алғысымды білдіремін», — деді БЖШО директорының міндетін атқарушы алғысөзінде.

Ендігі кезек арнайы куәлік табыстау рәсіміне ұласты. Еркін күрестен ҚР Спорт шеберлігіне үміткер атанғандар тізімін айтар болсақ, Руслан Сейдахметовтің жаттықтыруымен: О.Елемес. Жұмантай Топчаковтың жаттықтыруымен: Э.Хазиев, Р.Ташалиев. Сейітқали Солтанайдың жаттықтыруымен: Б.Дүйсенбай, М.Сағын, И.Тергулиев, Т.Ердос, Т.Абдуллаев. Руслан Қасымбековтің жаттықтыруымен: А.Джамалов, Н.Зейналов, Б.Сағынбай, А.Болат, А.Ахмедов, А.Дройкин. Сондай-ақ, Мақсат Наурызбаевтың жаттықтыруымен: Е.Бақберген, С.Айбосынов, Ш.Наурызбай.

Осылайша спортшыларымыз облыстық, республикалық жарыстардың көшінен көрінуде. Жерлес спортшылардың спорт аренасында жасындай жарқырап жүргендері әрине, сала мамандарының жемісті еңбегі. Спортшыларымыз биік мінберден көріне берсін демекпіз!

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.