ҚОРДАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

0

Тараз қаласында облыс әкімінің қатысуымен медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Сол шарада аудандық орталық аурухана өкілдері де қатысқан болатын. Онда аймақ басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тынымсыз әрі аса жауапты еңбектері үшін алғыс білдірді.

Бүгінде облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында 15 168 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде, 3 350 дәрігер және 11 818 орта буын медицина қызметкері бар. Соңғы 3 жылда өңірге 234 жас маман келіп, 8 мыңнан астам маман біліктілігін арттырыпты.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен 52 грант бөлінген.

Мерекелік шарада саланың 86 үздік маманына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет және Алғыс хаты, «Primary Health Care» ұлттық ассоциациясының «Ардақ жан», «Абзал жан», «Жанашыр» медалі салатанатты түрде табысталды. Соның ішінде Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Айдын Байбеков алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті дамытып, халықтың денсаулығын жақсартуға қосқан ерекше құнды үлесі үшін «Primary Health Care» ұлттық ассоциациясының «Ардақ», ал, бас дәрігердің орынбасары Назгүл Тобышақова «Абзал жан» орденімен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар дәрігерлер төсбелгі, грамоталарға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.