ҚОРДАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

0

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург-дәрігер, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабековтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Хирург, ғалым, қаламгер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қайраткер ғалымның кемел ғұмырына арналған бұл тағылымды жиын адамзатқа адал қызмет ету мен ғылымға шынайы берілгендіктің жарасымды көрінісі. Профессордың сан салалы еңбегі – кәсіби ізденістен бастап, ғылыми жаңалықтарға, ұстаздық тәлімге, қаламгерлік шеберлікке дейінгі кең өрісті қамтыды. Шара барысында осы бір сан қырлы тұлғаның ел медицинасына қосқан өлшеусіз үлесі ерекше ілтипатпен аталды. Ғылыми жиынға Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айдын Байбеков, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сара Сураншиева, хирургия бөлімінің меңгерушісі Нурлан Джаксымбаев және босану-гинекология бөлімінің меңгерушісі Эльгама Гусейнова арнайы қатысып, әріптестерімен кәсіби пікір алмасып, рухани тағылымға бөленді.

Сағындық Ордабековтің ғұмыры-адам жанын емдеп қана қоймай, қоғамның жүрегіне ой дарытқан ғұмыр. Ол-сөзімен де, ісімен де ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсеткен шынайы халық дәрігері. Мұндай ғұмыр-жас буынға бағдар, ұлттың рухани кеңістігінде темірқазық болып қала бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.