20 қараша күні Тараз қаласында Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шара барысында Қордай ауданының депутаттары Жұмақан Кәкетай мен Әлібек Омар өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Талғат Сәрсенбаев «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болса, Сергей Сидоренко облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қордай аудандық мәслихатының депутаттары алған бұл марапаттар олардың туған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қажырлы еңбектерінің қайтарымы іспеттес. Халық қалаулылары өз сөздерінде бұл марапаттардың ел алдындағы жауапкершіліктерін одан әрі арттыратынын және өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек етуді жалғастыра беретіндерін атап өтті.