24-26 қазан аралығында Орталық Азиядағы ең көне және әсем қалалардың бірі Өзбекстанның Бұхара қаласында самбодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарыс «Универсал» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Чемпионат бағдарламасына сәйкес жас топтары мен салмақ санаттары: 64, 71, 79, 88, 98, 98+ келілік спортшылар қатысты. Қордай ауданынан әлем чемпионатында Отар ауылындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Бақытбек Жақсылықов өнер көрсетті.
Чемпионат нәтижесі бойынша Б.Жақсылықов жүлделі екінші орынды жеңіп алды.
Еске сала кетсе, жерлес спортшымыз ардагерлер арасында бірнеше рет күрес түрлерінен республикалық, халықаралық турнирлерде жеңістің биік тұғырына көтеріліп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.
Құттықтаймыз!