Қордайлық спортшы екі дүркін әлем чемпионы болды

0

Қордай ауданының Сортөбе ауылының тумасы, №17 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Исмайыл Люшанло Венгрияның Будапешт қаласында 23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткен Әлем чемпионатына қатысты.

Әлемнің әр түкпірінен келген мықты спортшылардың басын қосқан бұл беделді жарыс нағыз шеберлердің басын қосты. Исмайыл Люшанло өзінің шеберлігі, қажырлы еңбегі және спортқа деген ерекше ынтасымен көзге түсе білді. Осылайша, 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз топты жарып, екі дүркін әлем чемпионы атағын иеленді.

Туған жеріне үлкен жетістікпен оралған Люшанлоның құрметіне Сортөбе ауылында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Сортөбе ауылының тұрғындары, жергілікті спортшылар мен жастары чемпионды қошеметтеп, құттықтады. Шараға Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Әлімжанов та арнайы қатысты. Ол Исмайыл Люшанлоны және оның бапкерлерін құттықтап, аудан әкімінің атынан Алғыс хат табыстады. Өз сөзінде Ғ.Әлімжанов Люшанлоның жетістігі аудан жастары үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.