ҚОРДАЙЛЫҚ ЖАСТАР ЖАРАДЫ

0

Ағымдағы жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында жастарды маусымдық жұмыспен қамту және жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.
Жоба аясында Қордай ауданында 101 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, әр еңбек еткен жасқа 60 мың теңгеден еңбекақы төленді.
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында жобаның жабылу салтанаты өтіп, жиынға қалалық және аудандық «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары мен жауапты мамандары жиналды. Салтанатты жиында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт «Жасыл ел» сарбаздарына өз алғысын білдіріп, биылғы жылдың үздіктерін марапаттады. 2022 жылғы еңбек маусымында «Үздік жасақ» номинациясы бойынша І орынды Қордай аудандық «Жасыл ел» еңбек жасақтары жеңіп алды.
Сонымен қоса, салтанатты жиын барысында үздік жұмыс жасаған 50 жас азаматқа облыстық «Жасыл ел» штабының алғыс хаттары табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.