ҚОРДАЙЛЫҚТАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ТЫНЫС СЫЙЛАДЫ

0

Ел ішінде өзекті мәселеге айналған азаматтардың шамадан тыс қарыздануы бүгінде мемлекеттік деңгейде шешімін табуда. Осыған орай, «AMANAT» партиясы жүзеге асырып отырған «Қарызсыз қоғам» жобасы тұрғындарға қаржылық еркіндікке жол ашып отыр.

Қордай ауылында жалғасып жатқан жоба аясында қарыздарын өтей алмай жүрген азаматтарға құқықтық және қаржылық кеңес тегін көрсетілуде. Қатысушыларға қарызды қайта құрылымдау, шоттардағы бұғатты алып тастау, тіпті жеке тұлғаның банкроттығын рәсімдеуге дейін қолдау көрсетіледі.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, бүгінге дейін көптеген тұрғын жобаға қатысып, нақты көмек алған. Оның ішінде шоттарындағы бұғат пен нотариалдық тыйымдарды жойған, жеке тұлға ретінде банкроттық рәсіміне өтініш берген, бірқатары несиесін жеңілдетілген кесте бойынша қайта қарауға мүмкіндік алған.

«AMANAT» партиясы бұл жобаны одан әрі кеңейтіп, ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруды көздеп отыр. Айта кетейік, жобаға қатысқысы келетін азаматтар өз округінің әкімдігіне немесе партияның аудандық филиалына жүгінуі қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.