ҚОРДАЙЛЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0

6 қазан – жалпыхалықтық Референдум күні қордайлықтар белсенділігі өте жоғары деңгейде болды. Кейбір сайлау учаскелері жанында әжелер шашу шашып, тіпті ұлттық ойындар ойнатылып, жәрмеңке жасалып, бірінші болып дауыс беруге келгендерге сыйлықтар да ұсынылды. Жалпы аудан бойына жұмыс істеген барлық сайлау учаскелерінде ешқандай тәртіп бұзушылық немесе Сайлау туралы заңның бұзылуына орын берілген жоқ.

Сайлаушылардың алғашқы легімен бірге дауыс бергендер қатарында Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков болды. Аудан басшысы АЭС салуға қатысы референдумға отбасымен бірге келіп дауыс берді. Аудандық Мәдениет үйінде орналасқан 239 сайлау учаскесінде ол өз таңдауын жасады.

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі екенін түсінеміз. Бұл шараға аудан азаматтарының белсенді қатысуы өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Бүгінгі таңда жалпы ауданымыз бойынша барлық сайлау учаскелері талапқа сай жұмыс істеуде. Қордайлықтар дұрыс таңдау жасайды, ел болшағы үшін аса маңызды күні оңды шешім қабылдайды деп сенемін», — деді Бегзат Сейсенқұлұлы. Сонымен қатар аталмыш учаскеде ауданымыздың құқық қорғау органдары басшылары мен қызметкерлері, аудан әкімнің орынбасарлары келіп, өз таңдауларын жасады.

Аудандағы №226 сайлау учаскесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов дауыс берді. Этносаралық достықты дәріптеуде басты институт саналатын Ассамблея елімізде бастау алған жаңа белесті қолдайтынын айтқан ол референдум жарқын болашаққа бастайтынын, сол арқылы еліміз дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.

«Бүгін біздің мемлекетіміз үшін, мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдайтын күн. Қазақстан халқы Ассамблеясы өз таңдауын жасауда. Ол таңдау Қазақстанның жарқын жетіктіктерге жетуіне апаратын даңғыл жол болары анық», — дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.