ҚОРДАЙЛЫҚТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы ауданымызда тазалық жұмысына бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Акция аясында әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

Игі бастаманың жалғасы ретінде, 3 шілде күні «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» қызметкерлері Қордай ауданына қарасты, Ноғайбай ауылдық округінде және аталған округке қарасты Шарбақты ауылында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында Ноғайбай ауылының автомобиль жолдары жиегі ескі, қураған ағаштардан тазартылды. Сонымен қатар, Шарбақты ауылына апаратын тас жолға ауыр техникалардың жұмылдыруымен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, акцияның басты мақсаты өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру. Игі іске аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысқан болатын. Республика бойынша өткізілген шараға, барлық бей-жай қарамайтын азаматтар сенбілікке өз өңірлерінде қосылып, туған өлкенің экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.