ҚОРДАЙЛЫҚТАР ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА

0

14 шілде күні Тараз қаласында ММА ІММАҒ бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өткен болатын. Аталмыш сайыста жасындай жарқыраған «Қордай батыр» спорт клубының тәрбиеленушіері жеңіс тұғырынан көрінді. Білікті жаттықтырушы, әрі жетекшісі Қайрат Катчибеков, жаттықтырушылар Қазбек және Алишер Орманбектен тәлім алатын Эмиль Хуров осы күні жүлделі І орынды жеңіп алса, Салим Фараджиев ІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар арнайы медаль мен дипломға ие болды. Ал, жарысқа қатысушылар демеушілік көрсеткені үшін Асқар Жұмабаевқа және ата-аналарына зор алғыстарын білдіруде.

Бүгінде аралас жекпе-жек әлем бойынша үлкен қызығушылыққа ие болуда. Таразда топ жарған жеткіншектер ертең әлемді бағындырады дегенге сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.