Республика күні Қордай ауданында өтіп жатқан «Қордай – құт мекенім» фестивалі Сортөбе ауылының өнерпаздарының ұйымдастыруымен жалғасты. Мәдени шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше өнерлерімен тәнті етті.
Фестиваль аясында Сортөбе ауылының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, халықты ұлттық құндылықтар мен дәстүрге толы бағдарламамен қуантты.
Көрме ұйымдастырылып, онда ауылдың тұрғындары мен қонақтары дүнген ұлтының ұлттық тағамдарына қанықты. Көрмеге қойылған тағамдардың ішінде дүнген халқының дәмді ұлттық асханасы ұсынылып, келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Қордай ауданының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан түрлі этностардың бірлігі мен ынтымағы осындай мәдени шараларда ерекше сезіледі.
Айта кетейік, фестивальдің басты мақсаты – аудан жастарының өнерін дәріптеу ғана емес, сонымен бірге көпұлтты Қордай өңірінде бірлікті нығайтып, дәстүр мен мәдени мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.
Мәдени шараның соңында ауыл ақсақалдары мерекелік лебіздерін білдіріп, барша халықты Республика күнімен құттықтады.