ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

0

21 қаңтар күні Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің 2025 жылдың қорытындысына арналған кеңес отырысы өтті. Онда аудан ардагерлерінің бір жыл бойы атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Жиында Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, Әкелер кеңесінің төрағасы Дүкенбай Сегізбаев, «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Роза Қағазбай есепті баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Кеңес отырысына Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ардагерлер ұйымдарының қоғамдық өмірдегі белсенділігіне, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

Жарыссөзге шыққан ардагерлер Аманқан Рысымбетов пен Күміскүл Сарсенбаева атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, ардагерлер кеңесінің жұмысы «жақсы» деңгейде екенін атап өтті. Қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы да кеңес жұмысына оң бағасын берді.

Кеңес барысында аудандық ардагерлер кеңесі, Аналар, Әкелер және Билер кеңестерінің жұмыс жоспарлары мен құрамдары бекітілді. Сонымен қатар рейтингтік бағалау бойынша бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бастауыш ардагерлер кеңесі төрағаларының жұмысы, Билер, Әкелер, Аналар алқасы төрағаларының қызметі, аудандық спартакиадаға қатысуы, ақпарат пен мәліметтерді уақытылы орындауы, есеп беру-сайлау жиналыстарын ұйымдастыруы, аудандық байқауларға қатысуы, арыз-шағымдармен және жалғызбасты, мұқтаж қарттармен жүргізілген жұмыстар, семинарлар өткізуі сияқты көрсеткіштер ескерілді.

Ал, арнайы жүргізілген рейтинг қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. І орынды – Степной ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Ибрагимов Аршат), ІІ орынды – Ауқатты ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Семжанов Әділбай) және Масаншы ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Малиев Рамазан), ІІІ орынға – Қаракемер ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Орынтай Бауыржан), Сортөбе ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Дыров Юсуф) және Бетқайнар ауылдық округінің ардагерлер кеңесі (төрағасы Кежембаев Қали) иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.