ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

18 қазанда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Отар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сайлаушыларға сайлау заңнамасының нормалары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.

Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандатты сайлау округі бойынша депутатын сайлау №19 бірмандатты аумақтық сайлау округінің шекараларында өткізілетін болады. Сайлау округінің шекарасына №263 сайлау учаскесінің шекарасы (Отар ауылы) және №268 сайлау учаскесінің шекарасы (Гвардейский кентінің Әскери бөлімдер) кіреді.

2023 жылғы 13 қазаннан бастап сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Яғни, әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне барып, тізіммен танысып, деректердің дұрыстығын тексере алады.

Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Отар ауылының тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.