Ауылды жерлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейтін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба біздің ауданымызда да іске асуда. Ең қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге қомақты қаржы бөлінетін жоба аясында жергілікті жолдарды жөндеу де көзделіпті.
Аталған жоба аясында Қордай ауданында 2 нысанды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ноғайбай ауылына кіреберіс автомобиль жолының 0-11 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары бар. Ауыл тұрғындарының өзекті мәселесіне айналған екіаралық жолдың құрылысына былтырғы жылы 50,0 млн. теңге бөлініп, 2 шқ жол жасалған. Ағымдағы жылға ұлттық жоба аясында қаржы қарастырылып 4,5 шқ жасалып, қалған 4,5 шқ 2024 жылға өтпелі кезеңмен қалдырылды.
Екінші жоба «Қаракемер-Еңбек-Қарасай» жолдарын орташа жөндеу жұмыстары. Бүгінгі күнге бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 8,8 шақырым жолынан 5 шақырымы жасалынып, қалған 3,8 шақырым жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Осылайша 2023 жылдың соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдар үлесі жоспар 94,1%-ға жетеді деп жоспарлануда.