ҚЫЛМЫСТЫҚ АХУАЛДАН АУЫЛ ЖАЙЫНА ДЕЙІН

0

2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес 27 шілдеде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы  өтіп, онда аудандық ішкі істер бөлімінің 2021  жылдың 6 айында атқарған жұмысының есебі және Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы қаралды.

Отырыс барысында Қордай аудандық полиция бөлімінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығы, сонымен қатар көптеген шешімін таппаған мәселелер анықталды. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция инспекторлары жетіспейді, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта тұрмайды, яғни тұрғын үймен толық қамтылмаған. Сондай-ақ, әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік қамауға алу көзделген жағдайда арнайы стандарттарға сай келетін қамауда ұстау бөлмесі жоқ, полиция қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік істерді электронды жүргізуде қолданылатын планшеттермен толық қамтылмаған. Қандайда бір қайғылы оқиға немесе қылмыс салдарынан адам қайтыс болғанда мәйітті аудандық мәйітханаға жеткізетін арнайы көлік, жол-көлік апаты салдарынан зақымданған көлік құралдарын арнайы тұраққа жеткізуде де арнайы эвакуатордың болмауы қиындықтар туғызады. Тағы бір өзекті проблема — ауданның шалғай ауылдарынан мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін алкогольдік заттардың қолданылуын анықтауға сараптама өткізуге Қордай ауылынан алып келу біршама қиындықтар туғызады. Бұл ретте аудандық қоғамдық кеңес Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері З.Қадырбековамен келіссөздер жүргізіп, Отар және Масаншы ауылдық ауруханаларына алкогольдік заттардың пайдаланылуын анықтайтын қосымша жабдықтар бөлінетін болды. Аудандық полицияның басқа да проблемалық мәселелеріне қатысты уәкілетті органдарға хаттар жіберіледі. Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша жүргізілген зерделеу көрсеткендей, округ әкімінің аппаратында ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» №974 қаулысы тиісті дәрежеде орындалмаған, яғни ауыл округінің әкімі және орынбасарының азаматтарды қабылдау  туралы ешқандай деректер жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышында ауыл тұрғындары өзіне қажетті қызмет алмаған, себебі ауыл халқы мұнда электронды үкімет порталы бар екендігінен бейхабар, портал арқылы қызмет алу жолдарын үйрететін маман да жоқ. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2018  жылғы 19 қыркүйектегі «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының 32 тармағына сәйкес құжаттардың құндылығын сараптау нәтижелері бойынша істерінің, құжаттар тізімдемелері негізінде тұрақты сақталатын құжаттардың, жеке құрам бойынша, уақытша (10 жылдан астам) сақталатын құжаттардың істер, құжаттар тізімдемесі, сақтауға жатпайтын құжаттарды бөлу туралы актілері жасалмаған.  Атап айтқанда, Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстар толық атқарылмаған, округ әкімі аппаратында бос тұрған 4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мамандар тарту бойынша тиісті іс-шаралар қабылданбаған. Бұл мәселеге қатысты аудандық қоғамдық кеңес аудан әкімінің атына хат жолдады.

Баян Қарамолдаева, аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.