ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН АДАМДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

0

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінде қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Сүгірбай және комиссия мүшелері қатысты.

Онда Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен атқарылған жұмыстар және проблемалық мәселелер бойынша Қордай аудандық пробация қызметінің бастығы Т.Ошанов баяндама жасаса, Қордай аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған азаматтармен атқарылған жұмыстар туралы Қордай ауданының жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Е.Беккулов мәлім етті. Сондай-ақ, жиын барысында 2024 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаның орындалуы туралы Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалының басшысы С.Көпешов, Қордай аудандық полиция бөлімі, аудандық пробация қызметі жолдаған бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету жайында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Минискулова баяндама жасады.

Аталған тақырып аясында бірқатар мәселелерді қаузаған комиссия мүшелеріне және жауапты мамандарға Д.Сүгірбай нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.