ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

0

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекет аралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауынжазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған. Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады.

«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.

Осыдан соң Президенттер, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.