«Қыс шанаңды жазда сайла»  

0

Жұма күні ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек келіп, ауданның коммуналдық қызметінің қысқы уақыттағы жолдарды күтіп-ұстау маусымына дайындығын көрді.

Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов және ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысы Ануар Абсейітов қысқы уақыттағы жолдарды күтіп-ұстау маусымына дайындық барысымен таныстырып өтті. Қанатбек Мәдібек коммуналдық қызмет өкілдері мен «ҚАЖсервис» ЖОФ «ДЭУ-34» қызметкерлерімен тілдесіп, қысқы маусымға техникалардың, жұмысшылардың және материалдық-техникалық базаның дайындығын сұрады. Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер өздерінің қарамағындағы барлық техникаларды және жаңа сатып алынған техникаларды да көрсетіп, таныстырып шықты. Облыс әкімінің орынбасары өткен қыс мезгілінде аудандағы болған дауылды борандарға дайындық жоғары деңгейде болуы керектігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.