Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорны – аудан құрылысы жағдайында адамдар үшін тіршілік ету ортасын құруға бағытталған қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру нысаны болып табылады. Бұл кәсіпорны аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қолдауымен тек тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың ыңғайлы, қауіпсіз және сапалы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастырады.
Аудандағы осы әлеуметтік маңызды құрылымның жұмысы адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге, қоғамның даму деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚУАНЫШ БАЙЖІГІТОВ аталмыш кәсіпорнын басқарып келеді. Оның тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жаңа серпін беріп, жұмыс сапасының артуына және қызмет көрсету деңгейінің көтерілуіне себеп болуда. Аталмыш кәсіпорнының қызметтері тұрғындарға көмек көрсету, коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту бойынша түрлі бағыттарды қамтиды. Осылайша, аудан тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Шаруашылықтың басқаруында қазіргі заманғы 26 ауыр техника бар. Олардың қатарында «ГАЗ-5312», «Грейдер», «Бульдозер», «HOWO», «МТЗ-82» және Камаз сияқты арнайы көліктер. Бұл техниканың болуы жұмыс жылдамдығын және сапасын арттырумен қатар, техникалық жүктемелерді орындауда тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Аталған кәсіпорнына аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлының тапсырмасымен былтыр жаз айында Хово-2 бірлік, бульдозер-1 бірлік қажетті техника берілген. Бұл техникалар кәсіпорны жұмысының пәрменділігін арттыруға, жаңа жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік туғызбақ.
Сонымен қатар, осы кәсіпорны тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, жөндеу жұмыстарын, жолдардың жағдайын жақсарту және басқа да жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ, коммуналдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін жобаларды әзірлей отырып, тұрғындардың өмір сүруін жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше мән береді.
Айта кететін жайт, аудан тұрғындарының белсенді қатысуы мен кері байланыс кәсіпорны қызметінің тиімділігін арттырады. Бұл да алынған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорнының мүмкіндіктерін кеңейтеді және жаңа бастамалардың іске асуына ықпал етеді.
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорны – Қордайдың дамуындағы мықты серіктес, сенімді көмекші, және тұрғындардың қолдаушысы болып табылады. Оның жұмысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасына, және жалпы қоғамның тұрақтылығына өз әсерін тигізуде.
Осындай үлкен мақсаттарды көздеген кәсіпорнына тұрғындарға қызмет көрсету мен инфрақұрылымды дамыту жолында ары қарай да адал қызмет етуді жалғастыра берсін демекпіз!
Әділет ҚҰТТЫБАЙ