Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың №3 және №7 бірмандаттық сайлау округтерінің кандидаттармен және олардың сенімді өкілдермен сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36 баптарына түсініктеме берді.
Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс, екендігі ескертіліп, мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді. Кандидаттар «2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 12 қарашадағы №52/66 қаулысымен таныстырылды.
Сонымен қатар, кандидаттарға үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі туралы түсініктеме берілді. Мемлекеттік қаржыландырудан басқа, кандидаттар сайлау қорын ашып, өздерінің сайлау алдындағы үгіт-насихатын қаржыландыру үшін арнайы уақытша шотқа ақша аудара алатындығы айтылды.
Бұл нормалар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34 және 106-баптарымен регламенттелген. Жиын барысында үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенімді өкілдердің құқықтары мен міндеттері жеткізілді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы