«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11-бабы бойынша есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген үй жануарлары есепке алынуға міндетті.
«Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Осы себепті үй жануарларын есепке алу үшін иелері ветеринариялық клиника немесе ветеринариялық мекемеге жүгінуі қажет.
Үй жануарларын есепке алу ережелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген.
Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асады. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсім бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.
Ғ.Сабралы, «Қордай ауданының ветеринариялық
станциясы» ШЖҚ КМК директоры