Мен, Коңырбаев Бақыт Жарқынұлы 1989 жылы 30 маусымында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында дүниеге келдім. Д.А.Қонаев атындағы университетін 2011 жылы, қаржы мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды, 2011 жылы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-де Үлкен Сұлутөр ауылдық округі бойынша жастармен жұмыс жүргізуші инструкторы болып бастадым, 2014-2021 жылдары Қордай ауданы «Үлкен Сұлутөр ауылдық окргугі әкімінің аппараты» КММ-де бас маман қаржы агенті болдым. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы, «Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де ауыл әкімі қызметін атқарудамын.
Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
Үлкен Сұлутөр ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы;
Үлкен Сұлутөр ауылында мал өлексесін тастау шұңқырының құрылысы;
Үлкен Сұлутөр ауылында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы;
Үлкен Сұлутөр ауылында ауыз судың мәселесінің шешілуіне;
Үлкен Сұлутөр ауылының көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
Үлкен Сұлутөр ауылында Манаш Қозыбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөнделу жұмыстарын жүргізуге бар күш-жігерімді саламын.