ӨМІРБАЯН
1993 жылы 18 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2014 жылы — Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық сауда университетін «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2019 жылы — Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округінің әкімінің бас маман міндетін атқарушы болып бастаған.
2019 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округінің әкімінің бас маманы.
Үйленбеген.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің тұрғындары!
Ауыл-біздің ортақ үйіміз. Оның көркейіп, гүлденуі – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруінің кепілі. Егер де маған округ әкімі қызметіне сайлану бұйырса, өз білімім мен тәжірибемді ауылдың өркендеуі жолында толықтай жұмсаймын.
Басты бағыттарым:
- Инфрақұрылымды дамыту:
— Ішкі жолдарды жөндеу, жарықтандыру жұмыстарын жүйелеу;
- Ауыл шаруашылығын қолдау:
— Шаруа қожалықтарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат жеткізу және оларды тиімді пайдалануға көмектесу;
— Жайылым және суармалы жерлерді тиімді басқару.
- Әлеуметтік сала мен мәдениетті дамыту:
— Мектеп, балабақша, медициналық пункттерге жағдай жасау;
— Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған мәдени және спорттық іс-шараларды көбейту.
- Тазалық пен тәртіп – басты назарда:
— Ауыл тазалығын сақтау, қоқыс шығару жүйесін жетілдіру;
— Қоғамдық тәртіпті қадағалау, ауыл қауіпсіздігін арттыру.
- Ашықтық пен есептілік:
— Әрбір шешім — тұрғындармен ақылдаса отырып қабылданады;
— Ауыл тұрғындарымен кері байланысты күшейтіп, ашық жұмыс жүргізу.
Мен Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілік алуға дайынмын. Сіздердің қолдауларыңызбен ауылымызды өркендетіп, бірге жарқын болашаққа қадам басамыз деп сенемін.
Бірге – берекелі болашаққа!