Шалғайдағы Үлкен Сұлутөр ауылының тұрғындары №260 референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
Ауыл шалғай орналасқанымен, жүректері ел үшін соғатын тұрғындар бұл күні дұрыс таңдау жасау – еліміздің жарқын болашағына қосқан зор үлес деп біледі.
18 жасқа енді толып, алғаш рет дауыс берген жастардан бастап, таңмен таласа референдум учаскесіне алғаш келген ауыл қариялары да сыйлықтарға ие болды.
Бірлігі берік, азаматтық ұстанымы айқын Үлкен Сұлутөрде сайлау туралы заңның барлық нормалары сақталып, дауыс беру процесі ашық әрі тәртіппен өтуде.
Үлкен Сұлутөр ауылының тұрғындары өз таңдауларын жасады
Next Post