23 маусым күні, сағат 20.00-де Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында бір сағатқа жуық жалғасқан бұршақ аралас жаңбырдың нәтижесінде таулы аймақтан сел жүріп өтті. Салдарынан ауыла көшелерін су басып, ауылға апаратын үлкен жолда көлік қозғалысы қиындады.
Сел салдарынан 2 шаруашылық ғимараты зақымданды. Сонымен қатар бір үйге кіретін газ құбыры зақымданған. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін дер кезінде газ өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша үй жануарлары, үй құстары (қой, тауықтар) арасында шығын бар. Қазір шығынның нақты сомасы анықталуда.
Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы төтеше жағдай бөлімі қызметкерлері техникасымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлері техникасымен жеткізілді. Сондай-ақ, ауылдық округтің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Осы күні Ноғайбай ауылдық округінде, Ноғайбай ауылынан 6 шақырым жерде, Шарбақты ауылына барар жолда Ырғайты өзенінде су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан демалып жатқан 5 адам су айдынында қалды. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ. Оқиға орнына Тараз қаласынан Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары жүзу құралдарымен жұмылдырылып, демалушылар қауіпсіз жерге шығарылды.
Қордай ауданы әкімі аппаратының
баспасөз қызметі