ҮЛКЕНДЕРДІ СЫЙЛАУ — САЛТЫМЫЗ

0

Жыл сайын елімізде 1-ші қазан «Халықаралық қарттар күні» деп аталып өтілетіні баршамызға белгілі. Қазыналы қарттарымыздың еңбегін бағалау, олардың мемлекеттің дамуына қосқан сан қырлы үлесін білу, қарттықты құрметтеу игі дәстүрге айналған үлкен шара деп білеміз. Осы ретте, айтулы мерекеге орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында қарияларымызға сый құрмет көрсетілді.

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жастық жігер қайраттарын адал еңбекке арнап, бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияларды қабылдады. Олардың қатарында Тұрған Жасыбаев, Сәкен Ниязбеков, Амангелді Садыханов, Айна Мирасилова, Күлсінбүбі Иманалиева, Әділбек Телғазиев, Сиякүл Рабатова, Исмар Воинце, Тазагүл Каримова, Ольга Попова сынды еңбек ардагерлері, алтын құрсақты аналар, Жамбыл облысы мен Қордай ауданының «Құрметті ардагерлері» болды. «Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан өшпес салтымыз. Олай болса еліміздегі барша қарттарымызды, ақ жаулықты аналар мен абыз ақсақалдарымызды бүгінгі 1 қазан –Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін өмірлік бағыт пен бағдар болды. Ендеше осы асыл қасиеттеріңізді қастерлей келе, бүгінгі мейрамда өздеріңізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Жастан жасқа аман сау жете беріңіздер.

Аспанымызды ешқашан бұлт торламасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 1 қазан – қарттар күні құтты болсын!», — деді Дамира Маратқызы аудан әкімінің құттықтау лебізін жеткізе отырып. Сондай-ақ, қабылдау барысында қарияларымызға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Шарадан соң, «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрып, ондағы қызмет алушы қарттар сый-құрмет көрсету жоралғыларымен жалғасын тапты. Кездесуге Облыстық әлеуметтік оңалту орталығының маманы Мәди Мәдіжанов, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет арнайы келіп құттықтау тілектерін жеткізді.

Шешуші кезекте, жыл сайынғы дәстүрге сай жергілікті мейрамхананың біріндемерекелік дастарханжайылып, ас берілді. Сонымен қатар, мерекеге орай, ауданға өлшеусіз еңбегі сіңген бірқатар қазыналы қарияларымызға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбеттің арнайы алғыс хаттары табысталып, шара соңы аудандық мәдениет үйі әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.