«ҮЛКЕННІҢ ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ»

0

Жақында Отар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Үлкеннің өнегесі – жастарға үлгі» атты тағылымды кездесу өтті. Шараға ауылдың ардақты еңбек ардагерлері, зейнет жасындағы ақсақалдар, сондай-ақ ауыл жастары мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында ардагерлер өмір жолдары мен ұзақ жылғы еңбек тәжірибелері туралы әсерлі әңгімелер айтып, жас ұрпаққа өнеге боларлықтай құнды кеңестерін берді. Отбасы тәрбиесі, адамгершілік қасиеттер, адал еңбек пен үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ұлттық құндылықтар жайында ой қозғап, бүгінгі жастарға бағыт-бағдар беретін өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.

Кездесу сұхбат түрінде еркін форматта өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жастар көкейдегі сұрақтарын қойып, ақыл-кеңес алды. Сонымен қатар, ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ауыз су тапшылығы жайында көпшілік алаңдаушылығын білдіріп, ардагерлер бұл мәселе бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиналған қауым өзара пікір алмасып, бірлік пен ынтымақтың маңызын ерекше атап өтті.

Іс-шараның мақсаты – аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты сақтау, рухани және мәдени байланыстарды нығайту, жастарға ұлттық тәрбие мен өмірлік тәжірибе негізінде бағыт-бағдар беру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.