ҮЗДІК 100 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

0

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті еліміздегі орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, Қазақстанның ең үздік 100 мектебін анықтады. Аталған рейтинг нәтижесінде Жамбыл облысының бес білім беру мекемесі үздіктер қатарынан көрінді.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия, №24 гимназия және Қордай ауданының №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы республика бойынша үздік білім ошақтары ретінде танылды.

Үздік деп танылған мектептердің басшыларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы «Үздік мектеп – 2025» сертификаттары мен гүл шоқтары салтанатты түрде табыс етілді. Бұл – Жамбыл облысы білім беру ұйымдарының сапалы білім мен жоғары көрсеткіштері арқылы республика деңгейінде лайықты бағаланып отырғанының айқын дәлелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.