Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі 2022 жылдың 22-23 қыркүйек аралығында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.
1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі — Конкурс) аудандық кезеңінің дайындық және өткізу жұмыстары Ереже негізінде жүзеге асырылады.
3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңі «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы 355 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы 12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының негізінде өткізіледі.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.
Міндеттері:
• заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
• білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
• шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне қатысушылар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне 2022 жылдың 20 қыркүйекке дейін құжаттарды электронды нұсқада тапсырулары қажет. Мерзімінен кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» атанғыңыз келсе
Prev Post