Ұлттық өнердің бойтұмарлары

0

Негізінде егізінде ұлттық өнер – өміршең өміршең қазына. Оның тамыры тереңде тереңде жатыр. Бүгінде Бүгінде осы бай мәдени мұраны сақтап, қазақ халқының халқының төл дәстүрін әстүрін терең меңгеріп меңгеріп қана қоймай, халық музыкасы узыкасы арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұндылықтарымызды жаңғыртып жаңғыртып жүрген өнер ұжымдары жоқ емес.

Осы ретте жуырда аудандық Мәдениет үйінде өткен мәдени шаралар жайында аз-кем сөз қозғауды жөн көрдік.

Өңірімізге танымал «Аққу» халықтық би ансамблінің есептік концерті өтіп, өнерсүйер қауымды би өнерінің ғажайып туындыларын сахналап, бір қуантқаны рас. Қазақтан шыққан тұңғыш балетмейстер Дәурен Әбіровтың «Алтынай» биімен ашылған концертте Қордайдың күміс көмей әншісі Қарлығаш Қожағазина бастаған Сәуле Жуатбекова, Ғалия Иманбаева, Ұлан Әшімов тәрізді өнерпаздар ән-жырларынан шашу шашты. Халықтық ансамбльдің орындауында «Құрбылар», «Татар биі», «Қыз қылығы», «Өзбек биі», «Аққу биі», «Ұйғыр биі» тәрізді қойылымдар көрермен көңілінен шыға білді. Жалпы, есепті концерт жоғары деңгейде өткенін бұл күні жиылған жұрт бір ауыздан атап өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен кезекті мәдени шара «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің «Асыл мұра» атты шығармашылық концерті болды. Ұлттық дәстүрлі ән- жырлардан шашу шашқан ұжымның концертінде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының домбырашысы Дидар Басығараев, мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина, айтыскер ақын Күміскүл Сәрсенбаева, дәстүрлі әнші Қайрат Саймахановтар өнер көрсетті.

«Өнерлінің өрісі ұзақ» демекші дәстүрлі музыканы дәріптеуші өнерпаздардың мерейлерінің үстем болуын тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.