ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖОЛЫНДА

0

Аудан орталығындағы алаң ауданымыздың ең көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Даңқ аллеясында аудан тарихының маңыздың оқиғаларына арналған монументтер орнатылған. Олар – әйгілі генерал Панфилов дивизиясының 28 жауынгерінің бірі Николай Никанорович Белашов ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер-жерлестерге арналған мемориал, жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған стела тұр, Ауған жерінде қаза болған 12 жауынгер-интернационалиске арналған ескерткіш тақталар мен Ноғайбай би ескерткіші осында бой көтерген.

Жақында аллеяда жөндеу жұмыстары басталды. Аудандық Мәдениет үйінің алдында тұрған Өтеген батыр ескерткішінде де реконструкциялау жұмыстары қолға алынды. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының мәліметінше, жұмыстар 10 мамырда басталды. «Қордай ауылындағы Даңқ аллеясын абаттандыру» нысаны бойынша «BIG building NS» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жұмыстардың аяқталуы келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 3 ай деп белгіленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.