Мектепке дейінгі білім беруде үздіктер қатарынан табылып, өздеріне үнемі үлкен талаптар қойып жүретін «Нұр-Академия Қордай» балабақшасында наурыз мейрамы қарсаңында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты ерекше аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда ұлтымыздың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын балалар бойына сіңіру болып табылады. Сол арқылы патриотизмді бала күннен бойға сіңіруге болады, дейді бабақша тәрбиешілері. Киіз үй тігіліп, бірнеше бөлімнен тұрған семинар қатысушылар көңілінен шықты деуге болады.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Әмреева, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында топ балалары әртүрлі тақырып бойынша өз білімдерін ортаға салып, көрермен ықыласына бөленді. Семинардың келесі тренинг кезеңінде қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ұйымдастырылған шараға жоғары бағаларын беріп, балабақша директоры Г.Төлендиева мен ұжымына алғыстарын айтты. Келесі кезекте балабақша ұжымы ұйымдастырған мерекелік концерт көрермен назарына ұсынылып, одан соң көпшілік наурыз көже қойылған дастарханға шақырылды.