«ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ — ҰЛЫ АҚЫНЫ»

0

Қазақ әдебиетінің қара нары, ойшыл, ұлтымыздың рухани кемеңгері , бас ақынымыз Абай Құнанбайұлының туған күні елімізге меркеге айналған. Жазба әдебиетіміздің негізін қалап, қазақ поэзиясының реформаторы атанған ұлы ойшылдың тағылымды ойлары бүгінгі қоғам үшін де аса өзекті болып отыр.

 

10 тамыз — Абай күні мерекесіне орай Қордай ауданы аумағында орналасқан шекара басқармасымен бірлесіп аудан өнерпаздары рухты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен кешті сарбаздар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындап ашса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ақын шығармаларын жанды дауыста орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Ұлы тұлғаның туған күніне орай өткен тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай арнайы қатысты. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кітапхана қызметкерлері шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқанын атап өткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.