«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМ ШАРТЫ»

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастырылады.
1.«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
2.Оқу орындарының түлектері үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
3.2(екі)жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатыса алады.
4. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу мерзімі 6 айдан аспайды.
5.Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстеме ақылар бойынша төлемдерді қоспағанда , салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
6.Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет” арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Толық ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек, тел.: 8 72636 4 84 96.

Leave A Reply

Your email address will not be published.