Елімізде 6 қазанда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық халықтық штаб мүшесі Айман Ашимова, Қордай аудандық мәслихатының депутаты, аудандық халықтық штаб мүшесі Қарлығаш Қыпшақбаева №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының акт залында, білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды. Басқосуда штаб мүшелері атом электр станциясы Қазақстанда қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектесетіндігін айтты.
Кездесу соңында облыстық халықтық штабтың мүшелері ұстаздармен пікір алмасып, қазанның 6-сы күні өтетін референдумға келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.