9 сәуірде аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Оған Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов, депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сессияда ауылдық округтер бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі күн тәртібінде қаралды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады.
Депутаттар мәселені жан-жақты талқылап, ұсынылған өзгерістерді мақұлдап, тиісті шешім қабылдады.