ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

0

Жекеменшік мектептер мен балабақшалар басшыларының қатысуымен аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында еңбек қатынастарына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Комиссия мүшесі, Жамбыл облысы аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Қыпшақбаева жиынға қатысушыларға ұжымдық шарт, еңбек шартын құру, сондай-ақ кәсіподақ ұйымына кірудің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол ұжымдық шарттың еңбек дауларының алдын алудағы рөлін атап өтіп, қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Л.Мінісқұлова электронды еңбек шартын жасау және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісімшартын рәсімдеудің міндеттілігі туралы ақпарат берді. Бұл шаралар қызметкерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететіні айтылды.

Кездесу барысында жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері өз сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Аудандық комиссия еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.