«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҚҰРУДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМ

0

Еліміз үлкен саяси науқанға дайындық үстінде. Баршаңызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауын 20 қараша күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ, 5 қазан күні «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезінде партияның алдағы міндеттері мен жоспарларын айқындаған Съезд өтті.

Аталған шара барысында Мемлекет басшысы
алдағы президенттік сайлаудың әділ әрі ашық өтетінін атап өтті.

Сонымен қатар, «Бұл сайлау ұлтымыздың кемелдігін, күш-қуаты мен бірлігін паш етіп, алға қойған мақсаттарымызға жету жолындағы табандылығымызды көрсететініне сенімдімін. Қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен сайлаудың ашық, шынайы және әділ өтетінін мәлімдеймін», — деді Тоқаев қоғамдық коалиция форумында сөйлеген сөзінде.

Бұл саяси науқанның елдің дамуы мен болашағында маңызы жоғары. Сондықтан да, береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ел болып жұмыла атқарайық, ағайын.

Т.Сүгірбай, Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.