ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚ

0

Гвардейск гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелердің бақылау-техникалық пункті бастықтарымен әдістемелік сабақ өтті.

Гарнизондық Әскери полиция бөлімі әскери автокөлік полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляевтың басшылығымен әскери бөлімдер мен мекемелердегі бақылау-техникалық пункті бастықтарына әдістемелік сабақ ұйымдастырылды. Бұл шара әскери бөлімдер мен мекемелердегі ішкі парк қызметін ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне бағытталды.
Сабақ барысында әскери бөлімдердің көлік құралдарын пайдалануға жауап беретін лауазымды тұлғалар мен парк бойынша кезекші болып түсетін әскери қызметшілерге және бақылау-техникалық пункті бастықтарына көлік құралдарын пайдалану мен көліктерді рейске шығару тәртібі түсіндіріліп, парк бойынша кезекшінің іс-қимылы бойынша әдістемелік сабақтар іс-жүзінде ұйымдастырылды. Бақылау-техникалық пункті бастықтарынан жол қозғалысы ережелері мен қолданыстағы құжаттардың талаптары бойынша сынақтар қабылданып, оларға техникалық бақылау пункті бастығының куәлігі берілді.
– Негізгі іс-шара Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабы бастығымен бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді. Қазіргі кезде әскери бөлімдер мен мекемелерде парк ішкі қызметін ұйымдастыру бойынша алдын алу шаралары өткізілуде. Басты мақсат – жүргізушілер мен бақылау-техникалық пункті бастықтарына тәжірибелік көмек көрсету, парк қызметін тексеру, сынақ қабылдау және бақылау-техникалық пункті бастықтарының куәліктерін беру, – дейді әскери автокөлік полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.