Әйелдер құқығы заңмен қорғалмақ

1012109424
0

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Бұл туралы бәріміз БАҚ беттерінен оқып-білдік. Бұл өте орынды шешім, аса маңызды заң құжаты. Жаңа заңда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Сонымен қатар, өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Ең бастысы — кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Осының барлығы – қазіргі замандағы өте өзекті және күрделі деген мәселелердің қатарында еді. Енді әйелдер мен балалар заңмен қорғалатын болды. Бұл жаңалықты естіп, қуанып жатырмыз.

Айман Ашимова, облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.