«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Айман Ашимова 24 маусым күні Қордай, Қаракемер ауылында бірқатар кездесулер өткізді. Әңгіме төркіні «ауыл аманаты» жобасыынң ауданда іске асуы турасында болды.
«Ауыл аманаты» жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың қарашасында бекіткен «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Осы бағдарлама аясында «Amanat» партиясы Үкіметпен бірге «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Ашимова ауданда жұмыс сапарымен болып, партияның Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозовпен бірге Қаракемер ауылына барды. Сапар барысында жоба аясында несие алған әйелдермен кездесіп, тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған бағдарламаның мән-мақсатын түсіндірді. Содан кейін «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастап кеткен бірқатар шаруа қожалықтардың жай күйімен танысып, істеріне игілік тіледі. Сондай-ақ шешуші мәселе партияның аудандық филиалының мәжіліс залында жалғасын тапты. Партияның аудандық мәслихат фракциясының әйел мүшелері, облыстық мәслихаттағы ауданнан сайланған әйел депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының әйел төрайымдары бас қосқан жиында, партияның аудандық филиалы әйелдер қанаты үйлестірушісін тағайындау мәселесі қаралып, ауданда белсенділігі және іскерлігімен танымал Қарлығаш Қыпшақбаева бекітілді.
Айта кетейік, аталған жобаның шартында микрокредит мерзімі- 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі.