ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ

0

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінде Қордай ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Іскер әйелдерге қолдау көрсету – қоғам талабы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға 20-дан аса жұмыс беруші әйелдер қатысып, оларға кәсіпкерлікті қолдауға және азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар толығымен түсіндірілді. Нақтырақ айтсақ, Мансап орталығының мамандары «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жастар практикасы» сынды мемлекет тарапынан субсидияланатын бағдарламаларға тоқталып, аталмыш жобаларға қатысу үшін «enbek.kz» порталына тіркелу қажеттігін атап өтті. Ал жиынға қатысқан аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ләззат Мінісқұлова кәсіпкер қыз-келіншектерге жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі туралы ақпарат беріп, жұмыс берушілер тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Қатысушылар көбінесе жүргізіп отырған кәсіптерін одан әрі дамыту үшін қандай мемлекеттік қолдау барын, «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларына қатысты сұрақтарын жолдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.