Әкелер кеңесі өтті

0

Жақында   Қордай ауданы бойынша бастауыш ардагерлер ұйымдары жанынан құрылған Әкелер кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа ауылдық округтері бойынша Әкелер төрағалары, Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры – Шынар Бейсенбаева, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, полковник Ғаямат Даминов, учаскелік полиция инспекторы Елдос Сейдалыұлы қатысты.

Кеңес отырысында аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Дүкенбай Сегізбаев, әкелер кеңесінің 7 айда атқарған жұмыстары туралы қорытынды есеп берді. Ш.Саурбайқызы орталықтың атқарған жұмыстары туралы баяндады және әкелер төрағаларының отбасы тәрбиесінде неге назар аудару керектігін атап көрсетті. Әскерилер жастардың әскер қатарына шақырылуына тоқталып өтті. Ардагерлерді жастарға патриоттық тұрғыда тәлім тәрбие беруге шақырды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.