ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

0

2024 жылдың 21-26 тамызы күндері Қырғызстан Республикасы, Чолпон ата қаласында ересектер және ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионаты өтті.

 Байрақты жарысқа №1 Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру мектебі «Гір тасы спорты» үйірмесінің жаттықтырушысы Олег Клобук қатысты. Жерлесіміз 40-45 жас аралығындағы 73 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруден 24 келілік гір тасын 207 рет көтеріп, «Әлем чемпионы» атанды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.