ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

0

Чехияның Пардубице қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан әлем кубогы өтті. Ерлер мен әйелдер арасында классика мен блицтен өткен жарысқа әлемнің 16 елінен спортшылар қатысып, бақ сынаған болатын. Ұлттық құрамасы сапында 11 спортшы ел намысын қорғады. Аталған байрақты бәсекеде жерлесіміз Шәміл Ришат классикалық бағдарламасы бойынша бірінші орынға ие болып, әлем кубогының иегері атанды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс медальға қол жеткізді.

Құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.