ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ҚАҒИДАТТАРЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына сәйкес, төмендегі әлеуметтік көмек түрлері қарастырылғандығын хабарлайды:
1. Біржолғы әлеуметтік көмек табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шегінде, өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кем емес уақытта арнайы комиссияның қорытындысы негізінде көрсетіледі.
2. Біржолғы әлеуметтік көмекөмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.
3. Біржолғы әлеуметтік көмеказаматтардыңбас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығын немесе пробация қызметінің есебінде тұрғандығын растайтын анықтама негізінде өмірлік қажеттілік мәселесін шешу үшін, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордайаудандық орталық ауруханасыныңтізімі негізінде, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрғаназаматтарға амбулаторлық емі аяқталғанға дейін жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, 1 (бір) ең төменгі күнкөріс деңгейінде (республикалық маңызы бар) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы 1 (бір) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ай сайын әр балаға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмектің барлық түрлері Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекен-жайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.
А.ЗАУРБАЕВА, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.