Әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

0

16 қыркүйек күні Қордай ауданына жұмыс сапарымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов келіп, аудан әкімі орынбасары Дамира Сүгірбаймен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Серік Жақсылықұлы алдымен «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекеме осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған. Қазіргі таңда қазақ және ағылшын тідерін оқыту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Осыған дейін жүздеген тұрғын осы орталық арқылы білім алып, арнайы сертификатқа ие болған.

Осыдан кейін С.Сәлемов Қордайдағы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында» болды. Аудандық білім бөліміне қарасты мекеменің биыл ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында жүздеген шәкірт тәрбиелеп, түрлі байқауларла топ жарып жүрген шығармашылық орталық жұмысына сәттілік айтылды. Осыдан кейін аудан балаларын муыкаға оқытатын «Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің» жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары проблемалық мәселелер жайында сұрастырып, облыс тарапынан қолдау болатыны турасында айтты. Келесі кезекте «Балауса» балаларды сауықтыру лагерінде болған Серік Жақсылықұлы маусымына төрт рет балаларды қабылдайдын сауықтыру орнының жұмысын көріп, онда да мамандармен сөйлесіп, бірқатар мәселелерді назарға алды. Осыдан соң аудан әкімі Бегзат Болатбеквтың қатысуымен әкімдікте құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жиын өткізді.

Түс ауа Серік Сәлемов Қызылсай ауылының №10 О.Жандосов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, мамандармен сөйлесіп, жұмыс жайына қанық болды. Келесі кезекте Масаншыдағы «Қордай» құран қариларын дайындау орталығының жұмысымен танысып, ұстаздармен және сонда білім алушылармен жүздесті. Содан кейін №12 Жүсіпбек Аймауытов атындағы және № 50 Әл-Фараби атындағы орта орта мектебінің жұмысымен танысты.

Серік Жақсылықұлы алдымен «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекеме осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған. Қазіргі таңда қазақ және ағылшын тідерін оқыту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Осыған дейін жүздеген тұрғын осы орталық арқылы білім алып, арнайы сертификатқа ие болған.

Осыдан кейін С.Сәлемов Қордайдағы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында» болды. Аудандық білім бөліміне қарасты мекеменің биыл ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында жүздеген шәкірт тәрбиелеп, түрлі байқауларла топ жарып жүрген шығармашылық орталық жұмысына сәттілік тіледі. Осыдан кейін аудан балаларын музыкаға оқытатын «Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің» жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары проблемалық мәселелер жайында сұрастырып, облыс тарапынан қолдау болатыны турасында айтты. Келесі кезекте «Балауса» балаларды сауықтыру лагерінде болған Серік Жақсылықұлы маусымына төрт рет балаларды қабылдайдын сауықтыру орнының жұмысын көріп, онда да мамандармен сөйлесіп, бірқатар мәселелерді назарға алды. Осыдан соң аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қатысуымен әкімдікте құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жиын өткізді.

Түс ауа Серік Сәлемов Қызылсай ауылының №10 О.Жандосов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, мамандармен сөйлесіп, жұмыс жайына қанық болды. Келесі кезекте Масаншыдағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жұмысымен танысып, ұстаздармен және сонда білім алушылармен жүздесті. Содан кейін №12 Жүсіпбек Аймауытов атындағы және № 50 Әл-Фараби атындағы орта орта мектебінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Қаракемер ауылына табан тіреп, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасының құрылыс барысын көріп қайтты. Тағы бір маңызды жайт, Сортөбе ауылына сапар барысында, Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен салынып жатқан жаңа аурухананың жұмысымен танысып, құрылысы қарқынды медициналық нысанның жай-жапсарын көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.